Әйуб пайғамбардың сабыры
Әйуб пайғамбардың сабыры

Алла Тағала Әйуб алейһиссаламды сабырлықпен емтихан етуді (сынауды) қалады. Әйуб алейһиссалам өте бай кезінде қойларын сел атып, егістерін жел ұшырып, бүкіл мал-мүлкі түрлі себептермен жоқ болады.

Бұдан кейін Алла Тағала Әйуб алейһиссаламның денесіне бір ауру береді. Туыстары жолдастары оны жалғыз тастап кетіп, қол ұшын берер ешкім де болмады. Тек адал, мейірімді жары Рахима ханым ғана оны тастамады.

Әйуб пайғамбар әйелі жасаған күркеде 7 жыл бойы көрген қиыншылықтармен азап ішіндегі жағдайынан бір рет болса да шағымданбады.

Бір күні Жәбірейіл алейһиссалам келіп, Аллаһу Тағаланың: «Ей, Әйуб! Бәле жібердім сабыр еттің! Енді мен саған денсаулық пен нығмет беремін» деген хабарын алып келеді. Құран Кәрімде білдіргеніндей Аллаһу Тағала «Аяғыңды жерге ұр. Шыққан сумен ғұсыл ал және салқынынан іш!» деп бұйырды. Бұларды орындаған Әйуб алейһиссалам жас күніне енді. Жәбірейіл алейһиссалам оған әдемі киімдер кигізді. Осы кезде әйелі келді. Әйуб алейһиссаламның күркеде жоқ екенін көріп таң қалды. Әйуб пайғамбар:

–Ей, ханым! Кімді іздеп жүрсің?

–Бір сырқат кісіні іздеп жүрмін. Аты Әйуб. Ол менің жолдасым еді. Дені сау кезде тура саған ұқсайтын.

–Ей, Рахима! Ол сырқат болған Әйуб менмін. Аллаһу Тағала маған денсаулық берді.

Кейін шүкір етіп екеуі жылап алды. Қалаға кірерде халық оларды қуанышпен қарсы алды. Қаусап тұрған үйлердің жаңаланғанын және бұрын қолынан алынған мал-мүлкі мен бала-шағаларының кері берілгенін көрді.

Нурсултан ЖаксигалиевНурсултан Жаксигалиев
4 жыл бұрын 1705
0 пікір
Блог туралы