Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан-тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар етті.
Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты.
— Алқамә қандай еді?- деп сұрады.
Әйел: -Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны көп тарататын,- деп жауап берді.
Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен қойды:
— Сізбен қарым-қатынасы қалай еді? Әйел:
— Енді іштен шыққан балам ғой деп қанша кешіріммен қарағаныммен мені ренжітетін кездері көп еді. Оны айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, — деген кезінде пайғамбар:
-Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа жағамыз,- деп маңайындағыларға бұйырды.
Ана байғұс бірден жанұшырды:
— Ойбай-ау, қажеті жоқ. Баламды жаға көрмеңіз,-деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде:
-Алла Тағаланың о дүниедегі азабы балаңыздың қазіргі азабынан да қатты болмақ. Егер Алла ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға деген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, — деді.
Әйел байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешіргенде баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған еді.
Ананың кешірімі
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.