Істеймін деп уәде берген ісіңді істе! Сөз берсең, оны орында! Ескерту жасаудан қорықпа! Бірақ оны істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла! Кінәліге кінәсінен артық жаза берме! Жазаға лайық адамның жазасын кешіктірме!
Әбу-Бәкір Сыдық
Адамдар үш топтан тұрады: біріншісі – Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеуші, үшінші – әркімге еліктеп, жел қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра алмаған тобыр. Ілім – дүние-мүліктен қымбат. Іліммен амал етсең, мәртебең арта түседі. Дүние-мүлік қолданған сайын азаяды.
***
Қорқыныштың қорқынышы – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан алыстатып, ақыретті ұмыттырады. Абайлаңдар! Уақыт өтіп барады, ақырет болса жақындап келеді.
***
Жалған мақтау адамды өркөкіректікке жетелейді. Адамдардың жақсысы мен жаманын ажыратып, бағала. Бәрін тең көру, жақсыларды ізгіліктен суытып, жамандардың харам пиғылын өсіреді.
***
Үш амал қарапайымдылықтың кілті – кездескен кезде бірінші болып сәлем беру. Әртүрлі жиындарда төрде отыруға құмарланбау, рияшылдық пен жасандылықты қабыл етпеу.
***
Көмек сұрап, қажеттілігінің өтелгеніне сеніп келген адамдарға көмектесудан асқан нығымет жоқ. Бір мұсылман қажетін өтеу – мен үшін жер бетінің бар қазынасынан қымбат.
***
Адамның ең жақсы жан азығы – дұрыс және әділ амалдары (істер
***
Мен Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әлсіздің ақысын күштіден алып бере алмаған кез келген халық ешқашан күшті бола алмайды» -дегенін бірнеше рет естідім.
***
Мақсатыңа уақытынан бұрын кіріспе, уақыты келгенде өткізіп алма! Ақиқаты нақтыланбаған іске қасарыспа, айқындағанда салғырт болма.
***
Иман сақтаудағы сабырдың орны – бастың денедегі орны сияқты. Сабыры болмағанның – иманы да жоқ.
Әли әл-Мұртада
Адам мың жыл өмір сүрсе де Аллаһ оның пешенесіне өлімді жазған. Адамдардың ең абзалы – Аллаһты танып, ақырет үшін амал жасаған адам.
Әбу Үбәйда ибн Жәррах
Сабырлылық пен жүректілік бұл дүниеде адамға абырой әкеледі. Ақыретте мейірімге бастайды.
Сайд ибн Зәйд
Білім үйреніңдер. Өйткені ол Алланы танудың жолы. Ғылым іздеу – ұлы ғибадат.
Ғылымыи мәселелерді талқылау – Алланы ұлықтау. Ғылымды паш ету – жиһад. Білмегендерге үйрету – садақа.
Ғылым – амалдырдың иманы. Амал – ғылымға бағынышты. Ғылым – жәннатқа бастайтын шырақ, жалғыздың – досы, жолаушының – серігі, қайғының – жөн сілтеушісі, дұшпанға – қарсы қарудың, достың алдында – абыройың.
Мұзар ибн Жәләл
Нағыз мұсылман (мумин) – қиындыққа душар болса, сабырға бағынады. Өзіне нығымет бұйырса, шүкір етеді. Әр сөзінде туралық болады. Іс-әрекетінде әділеттілікті ұсынады.
Үбай ибн Каәб
Көрген түспен ғана ғұмырдарын жұбатумен өткізген, ұйқыдағы бейбақтар Ұлы Ақиқатты қайдан ғана ұға алсын.
Бусайри
Егер кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын деп санасын.
Ибн Рушд
Менің өмірімдегі ең зор өкінішім: күн сайын батқан күнмен бірге бұл өмірдегі маған берілген ғұмыр қысқарып, жақсы амалдарымды көбейте алмауым.
Абдуллаһ ибн Масғұд
Муминнің әрбір намазы, оразасы тағы осылар сияқты ізгі амалдары (іс- әрекеттері) оның жинаған қоры – ақырет байлығы болады. Өйткені, адамның өмірі өлшеулі бір мерзім.
Сахид ибн Жабид
Шын мәнінде иман келтіргенге сый етілген уақыт – оның теңдессіз байлығы. Оның пайдасы – жәннатқа, ал шығыны – тозаққа апарады.
Тайфур әл-Баттами
Ақырет азығы жетер-жетпес аз. Қай кезде адам мен амал арасында тосқауыл орнаса, қайғы мен өкініштен басқа еш нәрсе қалмайды. Сол адам өзінің амал қылуға шамасы болған кезіне қайтуды армандайды. Бірақ, арман еш пайда бермейді.
Имам Хазим
Уақыт адам баласынан: «Ей, адам баласы! Мені қандай амал жасап өткіздің, мен жақсы істеріңнің куәсімін. Кетсем қайта оралмаймын. Ақыретте пайдалы болып оралуым үшін, қалағаныңша ізгі амалдарды жасап қал» дейді.
***
Дүние өз жайымен кетеді. Соңында сендердің байлық – қазыналарың болып, тек өздерің істеген жақсы амалдарың ғана қалады. Жақсылық жасау үшін басқалардан озыңдар. Өйткені, уақыт сендерден озады. Сендер адамдарды жетелесеңіздер, уақыт сендерді жетелейді.
Хасан Басри
Ей, адамзат! Сен ақша-қаражатың таусылса уайымдайсың, уақытың босқа кетіп, өмірің қысқарғанға неге өкінбейсің.
Маурықәл-Ижли
Дүниедегі адамдардың бір тобы – дүние мен байлықты қуып, тек сән-салтанатқа құмартушылар. Олар осы ғұмырында байлық жинап, шаттанып жүргенді қалайды. Бірақ, мұның соңы өзін жеңіліске душар етерін сезбейді.
Жамит ибн Ижлан
Кімде-кім өзін Раббымның пендесімін деп таныса, ол өз Раббысына қайтарылатынын білсе, ол Раббысының алдында тұратынын біледі. Егер алдында тұратынын білсе, онда ол сұралатынын біледі де сұрақтарға жауап іздейді. Осыны сезінген адам Раббысы бұйырған амалдарды орындауға ұмтылады. Амалдарды орындаған адам сұраққа жауап қайтара алады.
Әл-Фузайл
Егер уақытыңды өзіңе пайдалы түрде өткізе алмасаң, өзіңе зияны болатындай түрде де өткізбе. Егер жақсылармен дос бола алмасаң, жамандармен бірге болма. Егер малыңды Аллаһ ризашылығы үшін жұмсай алмасаң, Аллаһтың қаһарын келтіретін іске малыңды жұмсама.
Жүнайд
Ей, адамзат! Сенің өміріңде уақыттан асқан құнды нәрсе жоқ.
Әбу Керима әл-Әбди
Мен өзімнің әрбір күніме көңілім толық болуы үшін әр күнімді Алланы разы ететін амалдыр жасай алдым ба, деп уайымдаймын
Хатим
Шын мәнінде адам ғұмыры қысқа. Күн мен түн арпалысқан түрде өмір сүресіңдер. Егер жақсылықтың дәнін ексеңдер, ол тез арада дәмді жемісін береді. Жамандықтың дәнін ексеңдер, оның жемісі орны толмас өкініш әкелер. Кім нені ексе, соны орады.
Ибн Масғұд
Бір адамдар болады – өзінің өлгісі келмейді, не ізгі амалдар жасамайды. Алланың ісін кейінге қадырады, дүние ісіне берік.
Біләл ибн Сағад
Сендер бір нәрсені жасап, артынан өкінгенше, өкінуден бұрын істеріңді ойластырып жасағандарың жөн. Сондай-ақ, бұл дүние сау адамды ауру етеді, жаңа нәрсені ескіртеді, жасты қартайтады.
Фазыл ибн Ийад
Егер Сафуан ибн Сәлимге «Ертең қиямет болады» деп айтылса, ол тек Аллаға құлшылық етер еді. Құлшылығына қосатын басқа еш амалы болмас еді.
Анас ибн Ийад
Хасан әл – Басри (Алла оған разы болсын) : «Алла Тағаламен ант етейін, Құранның әрбір әріпіне дейін жаттап алған адам оның байыбына жетпейді, егер Құранда айтылған тыйымдардан өзін алшақтатпайынша. Сондай адамдардың кей біреуі: «Мен Құранды басынан аяғына дейін бір әріпінде қалдырмай оқып шықтым!» – дейді. Алла Тағаламен ант етейін ақиқатында ол Құранды толығымен оқымай тастап кеткен, өйткені ол адамның бойында, әрі амалында Құраннан еш көрініс жоқ. Тағы біреуі: «Мен сүрені бір деммен оқып шығамын» – дейді. Алла Тағаламен ант етейін бұлар Құранды оқушы, ғұлама, дана яки тақуалардың қатарынан емес. Құран оқушылар қашан осындай деңгейде болса Алла қоғамда олардың санын көбейтеді» – деген.
«Аль-Мусаннаф» (3/363), «Аз-Зухд» (стр. 274), «Ахлак Ха-малат”
Айша (Оған Алла разы болсын) анамыздың айтқанындай Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-дың мінез-құлқы тұнып тұрған Құран.
Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Құранның бір ұшы Алланың, бір ұшы сендердің қолдарыңда болған бір дәнекер. Оны мықты ұстасаңыздар, әсте адаспайсыңдар да, жойылмайсыңдар!– деген (әл – итқан).
Әл – Әджири (Алла оған разы болсын): «Кім де кім Алла Тағаланың аяттарына ой жүгіртсе еш күмәнсіз Алла Тағаланың Ұлылығы мен Құдіретін сезінеді. Оның билігінің толық әрі құдыретті екенін, иман келтіргендерге деген шексіз мейірімін көріп, ғибадат қылуға лайықты тәңірге мойынсұну міндет екенін ұғынады.
Сол шақта ол Алла алдындағы өз хақын орындауға ұмтылып Алланың тыиғанынан қашықтап, рұқсат еткен амалдарын ретке келтіруге тырысады. Егер адамда Құран оқыған кезде немесе тыңдаған кезде осындай сезімдер болса онда Құраны оның шипасына айналады. Ондай адам байлықсыз байды, ол билігі бар туысқандарысыз – ақ билікке жетеді, ол жалғыз болсада жалғызсырамайды. Құран сүресін оқып бастағанда қашан аяғына жетеді екенмін деп ойламайды, ол оқыған аяттарға сай қашан амал етемін, күнәлардан қашан алшақтап, Алланың әміріне мойынсұнамын деген ойда болады. Құран оқу бұл құлшылық сол себепті оны қалай болсын солай оқи беруге болмайды. Бұл істе жәрдемшің жалғыз Алла».
«Ахлақ Хамалат әл-Қуран» (10 – бет).
ИСЛАМ ДАНАЛЫҒЫ
|