Мұсылманның діндес бауырына дұға етуі – туыстық жақындықтың бір көрінісі. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасының қабыл болатыны кəміл.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай деген: «Алла түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді ұнатпайды. Кімде-кім түшкірсе, сосын Алла тағалаға шүкіршілігін білдірсе, оның мадағын естіген əр мұсылманның «ярхамукаллаһ» деп айтуы уəжіп. Ал, есінегенде шайтан араласады. Шама келгенше есінемей, өздеріңе бекем болыңдар. Өйткені, адам есінегенде шайтан оған күледі».
Түшкіру – нығмет. Ол деннің саулығының, ағзаның ауруға қарсы тұруының нышаны. Берілген несібеге шүкіршілік жасағанымыз сияқты, түшкіргенде де шүкіршілік еткен жөн.
«Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) жанында қатар тұрған екі кісі бірдей түшкірген-ді. Алла елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) біреуіне ғана: «ярхамукаллаһ» дейді. Сонда екіншісі: «Мынау түшкіргенде оған «ярхамукаллаһ» дедіңіз. Мен түшкіргенде үнсіз қалғаныңыз қалай?» – дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) оған: «Ол түшкіргенде Алланы еске алып «əлхамдулиллаһ» деп айтты, ал сен бұл сөзді айтқан жоқсың», – деп жауап берген екен».
Түшкірген адамға не айтамыз?
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.