Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық: «Мұсылманның мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық (құтылу) жоқ». Мұсылманның отыз ақысы мыналар:
Сəлемін алу;
Көмектесу;
Үнемі жақсылық жасау;
Айыбын жасыру;
Мұсылман бауырының қателігін кешіру;
Жылағанда жұбату;
Қателігіне көз жұму;
Кешірім сұраса, кешіру;
Реті келгенде ақылын айту;
Қал-жағдай сұрасу;
Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту;
Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру;
Тапсырмасын орындау;
Жəбір көргенді құтқару;
Бергеніне разы болу;
Достығына сызат түсірмеу;
Уəде де тұру;
Ауырып қалса көңілін сұрау;
Жаназасын шығару;
Шақырғанда бару;
Сый-сияпатын алу;
Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау;
Туыстарына мейірбан болу;
Тек жақсы сөз айту;
Беретінін бөлек қою;
Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу;
Зорлық көргенге жақсылық жасау;
Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау;
Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Алла сені жарылқасын) деу;
Өзі үшін тілегенін оған да тілеу;
Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын болады.
Кісінің, менше, балам, хақын жеме,
Түбінде жарамайды жегіш неме.
Тірі күнде құтылдым қарызымнан,
Артымнан «əкем айтпай кетті» деме.
Əріп Тəңірбергенов (1856-1924)
"Ала жіпті аттама" кітабынан
Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы
|
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."9 месяцев назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."9 месяцев назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."9 месяцев назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."9 месяцев назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.